Елбасының ерекше сеніміне ие адам ретінде Мәжіліс спикері болып тағайындалуы мүмкін. Қазіргі уақытта Парламент жұмысын толыққанды, кешенді қамтамасыз ету үшін саяси беделге ие, мықты оратор, саяси жетекші қажет. Саясаткер Берік Уәли елдегі соңғы кадрлық ауыс-түйістерді осылайша түсіндіреді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

«Елде саяси реформалар жүзеге асырылатын болса, Парламенттің рөлі күшейіп, көптеген міндеттер жүктелуі мүмкін. Осы уақытта заң атқарушы органның жұмысын реформалау, өзгерістер енгізу сияқты жаңғырту жұмыстарын білікті де салмақты, кәсіби менеджер ғана жүргізе алады. Өзіміз білетіндей, сапалы қабылданған заң актілері реформалар кешенін жүргізуге негіз болғандықтан, бүгінгі күн тәртібінде кәсіби Парламент жұмысын қамтамасыз ету өзекті болуда»,- дейді Берік Уәли.