22 маусым күні Алматыдағы №4 аурухананың Жан сақтау бөлімінде елге танымал журналист Қажымұқан Ғабдолланың жары Қымбат он күн бойы есін жимаған күйі мәңгілік сапарға аттанып кетті...
Қажеке!
Көңіл айтам, бауырым-ай,
Қаралы хабарыңның ауырын-ай!
Қайтейін,
Көңіл жүйрік,
Қолым қысқа,
Атымның бере алмадым, сауырын-ай.
«Ұлтым!» – деп,
Шырылдаған боздағым-ай,
Қайғыңды естіп қалып,
Боздадым-ай!
Ел-жұртын күңірентіп қу фәниден,
Қымбаттай жан-жарыңның озғанын-ай!
Бауырым –
Қазағымның Азаматы,
Ешқашан естілмеген жаманаты.
Ұлтыңды қорғасын деп Жаратқанның,
Жүктеген мойыныңа аманаты.
Қайғыңа ортақтаспын,
Азаматым,
Құдайдың көрмейсің бе,
Ғаламатын –
Қазаның, берсін артын, қайырының,
Тілеуім –
Бермесе енді жаманатын.
Өмір барда –
Өлім бар,
Өмір заңы,
Жәннатта, болсын жаны, жан-жарыңның!
Артында қалған екен бүлдіршіндер,
Ғұмыры ұзақ болсын, сол барыңның!
Қуаныш МҰҚТАЙ
23.06.16 жыл
Көкшетау