Ринат Зайытов сүйіктісіне арнаған әннің бейнебаяны жарық көрді (видео)

/uploads/thumbnail/20170709032529191_small.jpg

Ғаділбек Жанай тыңдармандарына кезекті бейнебаянын ұсынды. Бейнебаян “Ханшайым” атты әнге түсірілген, - деп хабарлайды Qamshy.kz Stan.kz- ке сілтеме жасап.

 

“Ханшайым” әні бірнеше жыл бұрын жазылса да, бейнебаяны енді ғана жарық көрді. Аталған әнді Ринат Зайытов некелі жары Зүлфияға арнаған-ды.

Бейнебаянды көрген тыңдармандары оң бағасын берген. Десе де, бейнебаянға өзінің жарын түсірсе дұрыс болатындығын айтқан. Мұнымен қатар, бейнебаяндағы жігіттің ата-анасын әнші Мейрамбек Беспаевтың ата-анасына ұқсатқан жандар да бар.

Осы уақытқа дейін "Ханшайым" әнінің ұрланғаны туралы айтылып келген еді. Оны жұрт армян әншісі Hripsime Hakobyan-ның “Tarorinak” атты әніне ұқсатқан. Ол әннің бейнебаяны 2012 жылы түсірілген.

Қатысты Мақалалар