Эстрада сахнасындағы жұлдызды жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матай шығармашылықтан бөлек бизнеске де бет бұра бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Сүйінші хабарды Арманның жары Аша Матай инстаграм парақшасында хабарлады.

“Достар, мен сіздерге күйеуімнің шығармашылықтан бөлек не нәрсемен айналысатынын айтқым келеді. Ол жуырда “Promaster autospa” атты көлік жуу және детейлинг орталығын ашты. Сапасы үшін жауап береміз. Өздеріңізді құрметтеп, темір тұлпарларыңызды жақсы көріңіздер”, – деп жазды Аша Матай.
Жұлдызды жұптың қуанышына ортақтасқан тыңдармандары сәттілік тілеп, алдағы уақытта баратындарын жарыса жазуда.
Айта кетейік, Арман Қоңырбаев Таусамал маңындағы Наурызбай ауданынан көлік жуу және детейлинг орталығын ашып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге талпынып жатыр.