Жеңісхан Асылханұлы 1976-3-15 күні Қытай еліне қарасты күнбилердің байырғы мекені Тәңір таудің бөктеріне орналасқан Манас ауданы көрікті Көк өзен ауылында дүниеге келген. Қытай жоғарғы оқу орнын бітірген. Туған ауылында оқытушылық қызыметте болған. Тарихи отанына оралған соң Қарағанды обылысы Балқаш қалалық №24 жане №27 орта мектептерінде мұғалімдік қызыметтер атқарған.
Құрдастарға Қырғи тілді шешендей, Әзіл- күлкі айтысқан. Тапқыр ойлы жеңгедей, Әзіл- оспақ бастаған. Кекті емес кекесін, Әзіл- қалжың жарасқан. Уыты жоқ мысқылдың, Жиын- тойда таласқан. Қалжың менен қағытпа, Күлкі- назға ұласқан. Атан жілік, жалаң төс, Құрдастарым сыйласқан. Ұлы талғам - тілегі, Ақыл- ойы тоғысқан. Тобылғының шоғындай, Құрдастарым қайдасың!!! Балқаш жағасында Жібек құмды мен жатырмын жастанып, Адасқан бұлт үйіріне таңданып . Мамық жыңғыл анам салған көрпедей , Туған айдай таңданамын ойланып. Асыр салған сәби желмен жарысып , Құлын сағым шапқылайды жан ұшып. Елесы бар бейнеі жоқ түс көрем, Ақ үкісі бұлғақтаған қыз кұшып . Күйін шерте асқақтата ән салып , Қоңыр қаздар ұшып өтті тамсанып. Жоқтау айтып құлазытып көңілді, Тырна байқұс тыраулайды топтаынып. Күнде келсең балқаш жақты жағалап, Толқын сүйер табаныңды майдалап . Хор қызындай көлден шықса бір сұлу , Гүлдей жайнап күлімсіреп ағалап . Жібек құмды мен жатырмын жастанып , Адасқан бұлт үйріне таңданып . Перйзаттай көлден шыға келмесең , Өлер болдым ойлай-ойлай жабығып. Жар бола көр Оң жақтағың орға жыққан ақырып Сол жақтағың сорың болған сатылып. Дұшпаныңнан қаның аққан сарқырап Достарыңнан көзің аққан жарқырап . Шығыстағың айдаһардай ысқырып Батыстағың аюдайын күш қылып . Алысыңда жауласатын белдесіп Жақыныңда тіресетін бел шешіп. Бабаларым туды сұмдық заманда Кінә қойма кір іздеме қашанда . ДОС -қасыма дастарқаным жайылған, Ойлы -ойсыз ақ ордама ағылған . Намыс - арым көк туымдай желбіреп , Мықты -әлсіз босағама табынған . Жақсы-жаман ағалаған сырласқан , Үлкен -кіші қаумалаған жармасқан. Батыр-қорқақ хан көтеріп тойласқан , Жомарт- сараң жағалаған сыйласқан . Тудық біздер мәртебелі заманда , Жар бола көр жаратқаным қашанда. Кеш келген махаббат Кештеу туған қоңыр күздің айындай, Кеш бүрлеген алма мойын қайыңдай. Тым кешірек жолықтыңыз қарындас, Мамырдағы бота көзді мойылдай. Жас жүректе тасқын болған, от болған, Жана - жана күлі қалған,жоқ болған. Енді қайта қып- қызыл боп жалындап, Құдіретке сиқыры мол тап болған. Кеш оянды жанартаудай жүрегім, Етек- жеңін жия алмады тілегім. Шоққа салған балғын жүзді темірдей, Қызуыңнан ерігендей сүйегім. Кеш оянды жұлдыздарда жамырап, Кеш боянды алуан түске атырап. Кеш болсада саған деген үміттің, Жібек жібін сабақтадым қалтырап. Кеш болсада арамызда от бардай, Көңіл , шіркін!кірлемеген ақ қардай. Қап- қап,әттең! Қосылмаймыз, өкініш! Жанарымда түйір- түйір жас бардай. Кеш келгені махаббаттың маусымдай, Айтайыншы жан сырымды таусылмай. Жүрегіңнің нөсерлетіп бұлттарын, Жарқылдайын шілдедегі жасындай. Жайлауда Жорға- жүйрік мінгендей, Боз бала жел еседі. Қашып- пысып жүргендей, Елік- арқар үркеді. Сауыт киген сарбаздай, Арша- шырша беткейде. Берен киген бектердей , Бұғы - марал төскейде. Бұршағы көп көгендей, Қарға- құзғын дөңдерде. Құрсақты жас келіндей, Тал- теректер өзенде. Етек - жеңі жиылмай, Ағайын- жұрт тойлауда. Құнан жарыс,тай жарыс, Думан- қызық жайлауда. Сай - саладан ақылды, Үлкен- кіші айтысқа. Көкжалдайын сілкінді, Палуан- күрес тартысқа. Аман- есен қауышып, Дос- құрбылар сырласар, Өрлі –қырлы шапқылап, Жігіт- желең бір жасар. Ойын- тойда жүргендей, Көңілді күн жайлауда. Батыр асын бергендей, Ауыл- аймақ жайлауда. Бақытты бол! Білмедім- ғой аспаныңның жұлдызын, Маған арнап ақ саулесін шашқанын. Түсінбедім жас жаныңның бұлттарын, Қабрғасын қақырата сөккенін. Көрмеппін- ғой жүрегіңнің толқынын, Маған арнап меруерт көбік шашқанын. Сезбеппін- ғой көңіліңнің көктемін, Маған арнап гүл ұсынып жатқанын. Жүріппін- ғой дәл қасыңда еркелеп, Бағаламай бір басыңның алтынын. Кеттің алыс жас баладай өкпелеп, Бақытты бол! Хош есен бол, Жарқыным! Бақытты едім қашанда Әттең - әттең бақытты едім қашанда, Жоқшылық жау ат ойнатып тұрмаса. Жоқ болған соң бақыр тиын қалтамда , Қожайындар боқтап-шатып қумаса. Үйсіз -күйсіз басым қатып базарда , Арлы -берлі ағылған жұрт жықпаса. Ұры-қары кеш батқанда қалайда , Ұрып -соғып бір бұрышқа тықпаса. Дір -дір еткен әлсіз суық денемді , Жаман -жұтық ескі киім жылтпаса. Алуан -алуан бояулары сүйкімді , Жап -жарық боп таңда күліп атпаса. Ағыл –тегіл көз жасымдай көл болып, Алба -жұлба бұлттан жауын жаумаса. Көрпе -жастық қалталардан шашылып , Батпақ - лайды табандағы жинаса. Әттең –әттең, бақытты едім қашанда , Баспанасыз сенделемін жалғанда . Нәрлі -нәрсіз жырлар жазып өзінше , Өтті -кетті талай ақын арманда . Аң боп неге жаралмадым құрысын , Емін - еркін жүрер едім орманда. Жапа -мұңға жабырқама жүрегім , Сабыр -сабыр таусылма да сарқылма. Балқаш жатыр Балқаш жатыр толқындарын жүзік қып, Ақша бұлтын аспанына үзік қып. Самал есті тентек емес момақан , Жайып жұмсақ дүниеге алақан . Адасып жүр теңгедей бұлт қанатсыз, Отауы жоқ ода бәлкім тұрақсыз . Үкі таққан қыз сияқты қамыстар , Иман жүзі сәл қызарып дыбыстар . Нөкердейін үймелеген мәз болып , Бақа ғана тыныштықты тұр бөліп . О, тәңір- ай! жұлдыз жанар сол жандай, Ойымда елес алаулаған қыз бардай. Ол екеуміз үнсіз ғана келеміз, Құпиялау жұмбақ сырды сеземіз. «Махаббатың бар ма» дейсің еркелеп, Бұл сұрақпен алатындай желкелеп. Тіл күрмеліп қиналамда жоқ деймін , Махаббатым жалғыз ғана сен деймін. Балқаш жатыр толқындарын жүзік қып, Қос аққудай екі жасты серік қып. Армандаймын Қуаныштың хатындайсың әдемі, Тиетұғын ойда - жоқта қолыма. Ер жігіттің астан- кестең жүрегі, Қарайлаумен сенің нәзік жолыңа. Хатпын менде оқылмаған өзіңе, Жыртылармын түспей отты көзіңе. Ақ қағаздай көңілімді тосамын, Көз жасыңдай мөлдіреген сөзіңе. Сағыныш боп ораласың ойыма, Қуат- күш боп әлсіреген бойыма. Оқылмаған хаттардайын жұмбақсың, Армандаймын, амалым не? Сағына. Тым болмаса Жерім қалды алтын басым қалқандай, Елім қалды қалың қара ормандай. Бере салған бәрін- бәрін жауларға, Мен екенмін жер бетінде сор маңдай. Ақ алмастай дұшпан басын кеспедім, Қанды өзенді белуардан кешпедім. Туған жердің ақ төсінде қызқыштай, Тым болмаса бір шырылдып өлмедім. Сен жайлы Ұйқысынан жаралдыңба сәбидің, Бұзғым келмес қиялымды сен жайлы. Көңілдегі әп –әдемі үміттің, Үзгім келмес жібек жібін сен жайлы. Бойымды алған қызуы мол жалынның, Шоқтарына жанғым келер сен жайлы. Қорғасындай балқысамда сезімнің, Қазанында күйгім келер сен жайлы. Алай-дүлей,күйіп-жанып барамын, Елестердің жетегімен сен жайлы. Жаңа піскен мәуедейін қарағым, Жүрегіңде от барма екен мен жайлы??? Тәңір тауыма Бүйідейін бұйраттары барбиған , Қандағайдай мүйіздері арбиған . Тәңір тауды , Ерке тауды сағындым, Іргем тиіп, кіндік қаным жуылған . Тәңір тау! Ерке тауым, ұлы тауым, Алдырған көк түбірмін балақ бауын. Тірідей жатға сені қияр емес Қаумалап жылап қалған қайран қауым. Қамырық жеп Мұқаң кетті Меңіреу, елсіз мен келемін далада, Алай- дүлей түн ішінде боранда. Шың - шың етер құлақтарым ызыңдап, Шытқыл аяз қарығанда шымшылап. Адыр - жота ағаштайын сірескен, Астан - кестең ақша бұлттар күрескен. Жиі - жиі уқалаймын қолымды, Тас табыттай кесті біреу жолымды. <<-Мейірімсіз қатал заман өгейді, Тасқын болсаң тау боп жолды бөгейді. Атой беріп, айғай салсаң заманға, Батырады қасық суға табанда. Өксік ата күрсінесің қамығып, Без бүйрек пен тобырлардан жалығып. Ала сұрып қарманасың шошынып, Қиянатпен жауыздықтан безініп. Күңіреніп зар илейсің алқынып, Жебірлерден жемқорлардан торығып. Ауырасың, сандырақтап жылайсың, Қиналасың, қысыласың , құлайсың. Ианатта, балағатта қоғамды, Жек көресің қалай бірақ адамды. Ерте шыққан қызғалдақтай едім мен, Уайым, қайғы елім үшін жедім мен. Әмір - құдірет кеспек болды тілімді, Жоғалтпақшы болды асыл дінімді. Керең болды, соқыр болды заманым, Арсыз болды, жауыз болды заманым. Мұқағали мен боламын бауырым! Жатырқама айналайын тау ұлын! Әулиедей адастырман жолыңнан, Кеттік деді ұстап менің қолымнан->>. Жапыр - жұпыр қамалады бөрілер, Оңды - солды құтырына жүгірер. Қамырық жеп Мұқаң кетті түс екен, Ал далада боран соғып тұр екен. Махаббат Қосымшадай ойларыма ой жалғап, Жіпсіз байлап, сезімімді сен арбап. Ең ғажайып ертегідей баурайсың, Түбір сөздей көңіліме тұрақтап. Нақышымыз бұзылмайды сөйлемдей, Тағдырымыз тармағы егіз өлеңдей. Кеуделерден қатар шыққан қос лебіз, Махаббаттың шынайы әсем сөзіндей. Дыбыстардай үндесеміз әдемі, Бір арнаға тоғысып ой - тілегі. Сенім, талап, үміттерге жеткізер, Сыршыл аңыз махабаттай ертегі. Туынды сөз біз емеспіз өзгерер, Қандай дұшпан сөздей бізді бөлшектер. Әңгіменің арқауындай махаббат, Алға қарай мәңгі бізді жетектер. Дүние Аза - мұңға толды жалған дүние, Желеп - жебеп жүрмеген соң әулие. Өкпелейсің қалай сәби баладай, Құшағы ыстық өз анаңдай еліңе. Ойнап - күлу кірмейді- ғой түсіме, Бай - шонжарлар тойлайды екен есіре. Бай - манаптар заулім сарай салғанда, Жер төледен әрең шығам бүгіле. Нөсер едім асау желге қосылған, Тасқын едім бедеу селі жосылған. Көзін сүрткен жетімдейін қиналам, Айдай көңіл жапырақтай басылған. Өлдім - талдым баспанаға жете алмай, Күйіп - пістім бармақтай жер ала алмай. Құзға салған құстай едім ұясын, Топшым сынып жүрмін биік ұша алмай. Ауру - сырқау ,кедей - кепшік дүние, Атқа мінер көз салмайды езіле. Атағына алты қырдан буланып, Сұлтан - хандар байлық жиды жүгіре. Жылап – сықтау, қайғы- мұңнан дүние, Қимайды екен бос жер болса көзіңе. Өлсең егер ақша бұлтқа айналғын, Қоятын жер табылмайды түбінде.