Шығыста 5 мың гектар жер өртенді

/uploads/thumbnail/20170708151820105_small.jpg

Қазақстанның шығысында 5 мың гектар далалық алқап өртенді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің Twitter парақшасында хабарланған. «Дала өрті!  Жарма ауданы, Бірлік ауылдық округі. Шамамен 5000 гектар жер отқа оранған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада. Департамент мәліметтері бойынша, өртті жоюға ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 техникасы мен жеке құрамның 126 адамы, «Темір Жолы» өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілерге 60 жергілікті тұрғын көмектесті.

inform.kz

Қатысты Мақалалар