Жарма ауданында кыз балалар арасындағы бокспен шұғылданатын жалғыз спортшы Еркежан Даулетжан осы күнге дейін облыстық, республикалық, екі дүркін ел чемпионы жүлдегері атанған болатын, таяуда Украина мемлекетінде өткен халықаралық турнирден жүлделі оралып «Дети Азии» атты халықаралық спорт ойындарына жолдама алған болатын.
Бұл жолы да Еркежан өзжерлестерін қуанышқа бөледі. Бұл ойындар Ресей Федерациясының Якутск қаласында 5-7 шілде күндері аралығында өтті. Бейресми медальдық есеп бойынша Қазақстан командасы 25-алтын, 28-күміс, 36-қола жиыны 89 медаль жеңіп алып, үшінші орынды иеленді. Осылайша бір күміс жүлдені ел қоржынына Еркежан Дәулетжан сыйлады.