ШҚО-да Ұлт- азаттық көтерілісінің 100-жылдығына орай М.Бектенұлына арналған ескерткіш тақта қойылды

/uploads/thumbnail/20170709043341861_small.jpg

Ағымдағы жылдың 16 шілдесі  күні Көкжыра ауылында Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Ұлт- азаттық көтерілісінің 100-жылдығына орай Мүрсәлім Бектенұлына арналған ескерткіш тақта қойылып,«Тарихи тағылымы» атты ғылыми – танымдық конференция өтті.

Аталған конференцияға аудан әкімі Д.Оразбаев, облыстық деңгейде ғалым, профессорлар мен журналистер, ауылдық округ әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар қатысты. 

Конференция барысында бірнеше ғалымдар тарапынан баяндамалар жасалып, өткізіліп отырған конференцияның маңыздылығы мен мәніне жан-жақты тоқталып өтті.

Қатысты Мақалалар