ШҚО-да «Балықшылар» күні аталып өтті

/uploads/thumbnail/20170709043345502_small.jpg

Балық шаруашылығы аудан өнеркәсібінің негізгі бөлігі болып табылады. Онымен аудан көлемінде Зайсан көлінің жағалауында орналасқан Тұғыл, Қабанбай ауылдық округтерінің тұрғындары шұғылданады. Қалаптасқан дәстүр бойынша 15 шілде күні жылда аудан балықшылары Тұғыл ауылында «Балықшылар» күнін атап өтеді.

Биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Тұғыл ауылында аудан балықшыларының құрметіне арналған көлемді мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелік шара балықшылар құрметіне арналған салтанатты жиынмен басталды. Мерекеге байланысты аудан әкімі Д.Оразбаев балық шаруашылығында көп жыл еңбек еткен зейнеткерлерге  «Еңбек ардагері» және әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін медалдарымен марапатталды. Сонымен қатар Тұғыл ауылының әкімі Б.Амренова құттықтау сөз сөйлеп, мереке иелеріне сый- сияпат жасады.

Салтанатты жиыннан соң, мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламалары ұсынылды.

Қатысты Мақалалар