Шығыс Қазақстан облысында «Алтай базары» фестивалі қолөнершілердің басын қоспақшы, деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап. 50-ден астам түрлі қолөнерші өздерінің үздік жұмыстарын көрсетіп қана қоймай, аймақтың тұрғындарына өз тәжірибелерімен бөліспек.
Шілденің 23-24-інде Өскеменнің сол жағалауында қолөнершілердің үлкен фестивалі өтпекші. 50-ден астам түрлі қолөнерші өз туындыларымен таныстырып, жұртшылыққа шеберлік сабақтарын да өткізеді, деп мәлім етті «ШҚО Туристік ақпараттық орталығы».
Фестиваль 23 шілдеде «Шеберлер шаһары» кешенінде ашылады. Сол күні жиналған жұртшылық қолөнердің түр-түрінен және оның техникасы бойынша тегін шеберлік сабақтарына қатыса алады. Шеберлік сабақтарына қатысушыларға қажетті материалдарды ұйымдастырушылар ұсынатын болады.
Келесі күні «Алтай базары» қолөнершілер жәрдеңкесі өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қолөнершілердің тәжірибе алмасуына және бірегей экологиялық өнімді көпшілікке таратуға оң ықпал етеді деп отыр.