Мәжіліс пен БҰҰ дін заңнамасын талқылады

/uploads/thumbnail/20170708151830261_small.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Р.Мұқашев, С.Бычкова, К.Бұрханов пен А.Смайылдар БҰҰ-дың дін мен сенім бостандығы бойынша арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «Дін істері мен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының діни салада тәжірибе жүзінде іске асырылу жағдайы бойынша пікір алмасты.

Рахмет Мұқашев өз сөзінде Қазақстанның заңнамалық базасы азаматтардың құқығы мен еркіндігі діни салада құрметтеліп, діни сенімдері еліміздің Ата заңымен нақтыланғанын атап өтті. «Дін істері мен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын жасау үстінде халықаралық тәжірибелер ескеріліп, Еуропа Кеңесінің діни қызметтерді соның ішінде діни секталармен қатынастарын құқықтық реттеу мәселесі ескерілді.

Өз кезегінде К.Бұрханов еліміздегі дін істерін құқықтық реттеу тағаттылық пен өзара құрмет қағидасына негізделгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер қазақстандық заңнама діни салада халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес екендігіне көз жеткізді. Сонымен қатар еліміздегі  діни қызметті құқықтық реттеудің алдағы жолдарын жетілдіру жайында пікір алмасты.

 

Қатысты Мақалалар