Біз ешқашан бауыр болмаймыз – Діліміз өзге, дініміз бөлек. Азат пен құлдың ұрпағы қашан Бауыр боп еді?! Мойындау керек! Маңайда бардың мазасын алып Көре алмас қандай жабайы халық Ормандай көптің пиғылы аян – Сақталсын деген сормаңдай қалып Айтаққа ессіз еліріп жаман «Көппін» деп иттер жүргізер әмір? «Егерде иттің иесі болса Дем берер әркез Бөріге Тәңір» Іштарлық үшін берілген жүлде: Қарғыс пен қарғы – үлде мен бүлде Оранған соған, құлтекті халық, Ешқандай бауыр болмаймыз мүлде! (Нұрлан Сәдірдің аудармасы)