Сәлеметсіз бе? Мен жолдасыммен 2004 жылы ажырыстым. Арада бір бала бар. Соттың шешімімен кесілген алиментті 1 жыл ғана төлеп, содан бері әлі төлемеді. Соторындаушылар арқылы табамыз, 1 ай төлеп қайта жоқ боп кетеді. Не жұмысын ауыстырады, не болмаса соторындаушылар істі бір-біріне сілтейді. Қазір балам 10 жаста. Мен қазір жұмыссыз уйдемін. Менің қояйын деген сұрағым соторындаушылар жолдасымның жұмыс орны мен мекен-жайын тауып кел деп өзіме сілтеді. Оны мен іздеуім керек пе? Мекен-жайын, жұмыс орнын тауып, өзін ертіп алып бардым. Төлетеміз деп жолдасымды қағаздар толтырады, сіз боссыз деп жібере салды. Кейін барсам ол соторындаушы басқа жаққа ауысып кетіпті. Енді жолдасымды да таба алмай қалдым. Содан бері 2 жыл өтті. Енді мен не істеуім керек. Өтінем жауап беріңізші. Көмектесіңізші. Рахмет