ЮНИСЕФ: Жаңа туған әрбір екінші сәби сүтке жарымайды

/uploads/thumbnail/20170709050214198_small.jpg

Бүгін бүкіләлемдік емізу апталығы басталды. Дүниежүзі бойынша 77 миллион жаңа туған сәби, яғни әрбір екінші нәресте ана сүтін ембейді екен. Бұл дүниеге келген әрбір екінші нәрестенің ағзасына ақуыз бен минералдық  заттар түспейді деген сөз. Бұл туралы дүниежүзілік емізу апталығы қарсаңында (ЮНИСЕФ) қоры мәлімдеді. «Егер сәбиге жарық дүние есігін ашқаннан кейін анасының бауырына салуды ұзақ күттірсе оның тірі қалу мүмкіндігі кемиді. Бұл әйел ағзасының  сүт шығару қабілетіне де теріс әсер етеді» деді, ЮНИСЕФ-тің аға диетологы Франс Бегин. Мамандардың сөзіне сенсек, бала туылғаннан кейін тәулік өткенде барып емізсе сәбидің шетінеп кетуі мүмкін. Яғни, бірден ембеген сәбилер 80 пайыз жағдайда көз жұмады деген сөз.

«Ана сүті — сәби үшін алғашқы вацина. Бұл —  ауруларға қарсы алғашқы және ең тиімді күрес» деді Франс Бегин.
Сондай-ақ,  ЮНИСЕФ ұйымы  алғашқы жарты жылда баланы тек ана сүтімен қоректендіру қажеттілігіне мән беруге шақырады. Дәрігер ғалымдар  ана сүтін еміп өскен бала мектепте жақсы оқитынын және семіздік, диабет сияқты ауруларға аз шалдығатынын  айтып отыр. Сәбиді емізу ана денсаулығы үшін өте пайдалы. Баласын емізген әйел сүт безінің қатерлі ісігі сияқты дерт түрлерінен ада болады.

Тамыздың 1 мен 7 аралығында өтетін бүкіләлемдік емізу апталығында ЮНИСЕФ қоры жер бетіндегі барлық аналарды баланы табиғи жолмен емізудің өте маңызды екендігін ескеруге шақырады.

Шарафат Жылқыбаева

Қатысты Мақалалар