Қытайда құжатсыз жүрген отандасымыз көмек сұрайды

/uploads/thumbnail/20170709050312574_small.jpg

Редакциямызға қазір Қытайда тұрып жатқан Қазақстан азаматы Айгүл Әділқұрмановадан хат келді. Хат иесі өзінің осыдан он алты жыл бұрын отбасы жағдайымен Қытай еліне барып, кейін құжаттарын жоғалтқанын, ол құжаттарды уақытында қалпына келтіру мүмкіндігі болмай, қазір қиын жағдайда қалып отырғанын айтады. Айгүл Әділқұрманованың басындағы жағдайды терең зерттеп, тиісті органдар қажет шараларды қолданады деген үмітпен сол хаттың толық мәтінін жариялауды жөн көрдік.

Мен Әділқұрманова Айгүл Әнуарбекқызы 1975 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы ауданы Тұғұл ауылында тудым.

1996 жылы Қытай Халық Республикасына келіп, Құлжа қаласында 2 жыл аспаз оқуын оқыдым. 2 жылдан соң отанға қайттым. 1999 жылы наурыз айында Қытай Рсепубликасына тағы өттім. Сол келгенде Үрімші қаласында Яан Лоу көшесінде автобуста паспорт, жеке куәлік, ақшамды жоғалттым.

Бірақ уақытында мәлімдемегенім үшін бұл іс қиынға соқты. Ол аралықта мен тұрмысқа шығып ем. Балалы болдым. Күйеуім - Қытайда тұратын қазақ. Сондықтан, балаларым да  Қытай азаматы. Күйеуім де Қытай азаматы. Осылай болғанда кейін мен де «пропискаға» отырайын дедім. Бірақ, Қытай Республикасында бұл мүмкін емес екен. Сонымен мен құжат жүзінде ешқайда да жоқ адам болдым.

Мен отаныма қайтып өмір сүргім келеді. Бірақ, бір күн заңсыз түрғандығың үшін қытай ақшасында 500 юань төлейсің дегенді  ұғып, бұл істі қайта ауызға алғым келмеді. Міне, енді 17 жыл өткенде ақыры мен не көрсем де отаныма қайтуды ойлап Қытай халқының милициясына бардым. Олар мені сұраққа тартып, ақыры менің денсаулығым нашар екенін біліп, дәрігерлер берген «справкаға» қарап «Сені түрмеге қамаққа алуымыз керек. Бірақ, сен қамақта өліп қалсаң болмайды. Сен Қазақстанның консулына бар» деді. Ол кеде менің өкпе ауруымен ауырғаныма 15 жыл болған.

Сонымен мен Қазақстан консулына бардым. Есіктен кіріп, бірінші естіген сөзім «сен Қазақстанда ешкімге де керегің жоқ» деген сөз болды. Тіпті, маған «Осылай қаңғып жүре бер» деді. Кейін ызаға булығып есіктегі балаға өзімнің нашар позицияға ұшырағанымды айттым. Ол бала документ алып бастығына кіріп кетті. Ал, бастық маған Пекинге баруымды айтты, маған арыз жазғызып, «Өтініш» Пекинге Сырлыбаев деген кісіге жолдайтынын айтты.

Мен: «Пекинге паспортым жоқ қалай барамын? Жолға ақшам да жоқ», - дедім. Ол маған қытай милициясына штрафыңды төле деді. Мен штраф төлейтін жағдайым болса, бұрын кетер едім дедім. Осылайша ешкімнен көмек жоқ. Менің отаныма қайтуыма көмек қолдарыңызды созыңыздар. Менің денсаулығым нашар, отаныма қайтқым келеді. Бұл жерде екі балалы болдым. Олар мені шекарадан қара таңба басып қуаланды қыламыз деген жері тағы бар. Маған жәрдем беріңіздер. Былай жүрсем арба сынып, былай жүрсем өгіз өлетін жағдайда қалдым. Маған жәрдем беріңіздер. Мемлекеттік органдар, Сыртқы істер министрлігі менің жағдайымды түсініп, еліме қайтуыма, құжаттарымды қалпына келтіруге ықпал етеді деп сенемін. Үмітім сіздерде қалды.

Құрметпен, Айгүл Әділқұрманова

Қатысты Мақалалар