ШҚО-да телефон алаяғы ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709050317621_small.jpg

Өскемен ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері телефон арқылы алаяқтық жасаған күдіктінің 29 жастағы Павлодар тұрғыны екенін анықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жас жігіт Өскемен тұрғындарының үй телефонына хабарласып, олардың жақын туысы есірткі сақтағаны үшін, жол апаты немесе бұзақылық үшін полицияға ұсталды деп айтқан және мәселені тез шешіп беру үшін ақша талап еткен. Мәселен, облыс орталығының 67 жастағы тұрғынынан 100 мың теңге жымқырған. Ал 68 жастағы тағы бір тұрғын 60 мың теңгесін берген.

Полицияның хабарлауынша, қазір күдіктінің екі алаяқтыққа қатысы бары анықталды. Бірақ, ол жасаған құқық бұзушылықтар бұдан да көп болуы мүмкін деп болжанып отыр.

«Алаяқ» уақытша ұстау абақтысынва  қамалды, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Оның басқа да осындай қлымыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарына сақ болуды және осындай қоңыраулар түссе, шұғыл түрде полицияға хабар беруді өтінді.

Қатысты Мақалалар