Трамптың әйелдері

/uploads/thumbnail/20170709050319136_small.jpg

АҚШ президенттігінен басты үміткердің бірі Дональд Трамптың карьерасына әйелдердің ықпалы болды ма? «Комсомольская правда» басылымының журналистері Константин Зеленов пен Эдвард Чесноков атақты миллиардердің өмірінде үлкен рөл атқарған әйелдер өмірін зерттеген екен.

Жетпіске аяқ басқан Дональд Трамптың некелі үш әйелмен некелескенін жұрттың бәрі біле бермейді. Үш әйелдің екеуі славян текті. Олардан бес бала, сегіз немере сүйіп отыр. Трамптың басқа да сұлулық байқауының қатысушыларымен достығы бар. АҚШ миллиардері «АҚШ аруы», «Жаһан аруы» тәрізді байқаулардың ұйымдастырушысы ретінде белгілі.

Президент тағынан үміткердің алғашқы әйелі Ивана Зелничкова, 67 жаста. Ол Трамппен 15 жыл бірге тұрған (1977-1992).  Қызынан туған екі жиені бар. Ивана Зелничкова Чехословакияда туып өскен. 1970 жылдары Канадаға қоныс аударып, кейін АҚШ-қа көшкен. Ол Нью-Йоркте топ-модель бола жүріп Трамппен танысқан. Ивана Зелничкова Трамптың бизнесте тасының өрге домалауына ықпал еткен бірден бір әйел. Күйеуі өзінен он бес жас кіші Марла Мэйплспен кездесе бастағанда ажырасады. Бұл 1990  жылдар еді.

Бүгінде 52 –ге толып отырған Марла Мэйплс Трамппен алты жыл бірге тұрған. (1993-1999). Бір қызы бар. Екеуінің Нью-Йорктегі атақты отельде өткен үйлену тойына мыңнан астам адам келген. Марла күйеуімен ажырасқаннан кейін ол туралы «жылтырағанның бәрі алтын емес» деген екен.

Атақты байдың бұдан кейінгі әйелі Мелания Кнаусс, 46 жаста. Он бір жыл болыпты үйленгендеріне. АҚШ-тағы әйгілі модель Трамптан бір ұл туған. Мелания Кнаусс да славян текті. Ол Югославиядан шыққан   коммунистің қызы. 18 жасында модель болып жұмыс істеу үшін Батысқа көшіп барған. 26 жасында Нью-Йорктегі жоғары сән апталығында  Трамппен танысқан. Бірақ Мелания Трампқа 35 жасында тұрмысқа шыққан (алғаш танысқан кезінде Трамп екінші әйелімен ажыраспаған болатын). Екеуінің үйлену тойына Трамптың қазіргі сайлау алды науқандағы басты қарсыласы Хиллари Клинтон қатысқан. Мелания Кнаусстың журнал мұқабаларына түскен жалаңаш суреттері американдықтар арасында қызу талқылануда.

Журналистер, сондай-ақ Трамптың әйгілі Диана Спенсерге де ғашық болғаны туралы жазады. Кара Янг есімді Калифорния аруы да журнал мұқабаларында суретін жариялап жүріп, Трамптың көзіне түскен. Бірақ екеуінің достығы ұзаққа созылмаған көрінеді. Трамп итало-француздық ақын Карла Брунимен де достасқан көрінеді. Ол Франция президенті  Николя Саркозидің үшінші әйелі деседі. Сарапшылар атақты миллиардердің әйелқұмарлығы оның сайлау алды науқанына әсер етуі мүмкін дейді.

Әзірлеген Дана Қамшыбек

Қатысты Мақалалар