Шымкентте жоғалған Айдана Қахраман табылды

/uploads/thumbnail/20170709050624102_small.jpg

Шымкентте полицейлер таяуда жоғалған 16 жастағы Айдана Қахраман тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабар таратқан.

Оны іздестіруге Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы түгелдей жұмылды. ОҚО ІІД-нің барлық бөлімшесіне Айдана Қахраман қайда екенін анықтау мақсатында бағыттама таралды.   

"Бүгін, 4 тамызда жедел-іздестіру шараларының барысында Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері із-түссіз жоғалған Айдана Шымкент қаласындағы құрбысының үйінен аман-есен тапты. Тәртіп сақшылары 16 жастағы қызды ата-анасы жеткізді", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың неліктен жоғалғанын анықтап жатыр. Тексеріс жүріп жатыр. 

Еске салайық, 2016 жылдың 31 шілдесінде Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөліміне 1975 жылғы жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелет жасына толмаған қызының жоғалғанын мәлімдеген еді. Айдана Қахраман 28 шілдеде шамамен сағат 14.00-де үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Қатысты Мақалалар