ОҚО-да бензині бар вагондар өртенді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Оқиға Қарабұлақ ауылының маңында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының бойында болыпты. Мамандардың айтуынша, өрт туралы үшінші санаттағы (қауіптің жоғары деңгейін білдіреді) хабар түскен. Төтенше оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жөнелтілді.
Куәгерлер өртті видеоға түсірген. Олардың айтуынша, желдің кесірінен жалын тез арада шарпып, жарылыстар болған. Ал көрші орналасқан ғимараттың жұмысшылары қауіпсіз жерге жеткізіліпті. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт "Мұнай" ЖШС мұнай базасында шыққан. Қазіргі уақытта бензині бар 8 цистернада және сорғы станциясында шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Шамамен 100-ге жуық адам мен техниканың 20 данасы жұмылдырылған.

Өртсөндірушілер мұнай базасындағы өртті сөндіру үшін көбік шашып жатыр. Көбікті барлық техника жүргізуде "Көбік шабуылына дайындыққа қысқа уақытта жасалады, себебі температура өртті сөндіруге айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, жану уақыты өскен сайын өрттің көрші құтыларға таралу қаупін арттырады", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.
Өрттің шығуына мұнай базасында бензині бар цистерналарға вагондардың соғысуы себеп болған.

"Қазстройсервис" ЖШС жақтан "Мұнай БК" ЖШС мұнай базасына қарай жоғары жылдамдықпен үш вагон басып кірді. Вагонда 2 "Орал" автокөлігі мен бөшке болған. Цистерналардың соғысуынан өрт шыққан", - деп хабарлады ОҚО ТЖД.
Айта кетейік, вагондардың цистерналарды соғуы нәтижесінде бензин төгілген. Салдарынан 12 цистерна мен 3 жартылай вагон өртенген. Өрттің күшейіп кетуіне байланысты 15 сұйық қойма да өрттің астында қала жаздаған.
Сағат 12.59-да өрт толықтай ауыздықталды.