Алматыда соғысқан автобусқа қатысты жаңа деректер белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709050620899_small.jpg

Алматыда Сүйінбай даңғылының бойында қабырғаға соғысқан автобус апатынан зардап шеккендерге қатысты түсініктеме берілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, оқиғадан 13 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 10 адам қалалық ауруханаларға, 3 адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

-10 адамның алтауы тексерілгеннен кейін үйіне қайтарылды.  Екі адам қалалық орталық клиникалық ауруханаға, бір адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына, тағы бір адам 7-ші қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің негізінен аяқ-қолдары сынған және олар жабық түрдегі бас сүйегі зақымданған. Екі адамға ота, бір адамның жарақатына алғашқы химиялық ем-дом жасалды, - дейді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков.

Зардап шеккендердің ең жасы 14-те болса, тағы бірі жүкті әйел екендігі анықталды. Әйелдің миы шайқалып, денесінің терісі көгерген. Оған тез арада ішіне ультрадыбыстық зерттеу шарасы жүргізілген. 

Ал жолайрықта қабырғаға соғысқан №92 бағыттағы автобус жүргізушісінің үш саусағы кесіп алынған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болып, рейс автобусы жолайрықта қабырғаға соғысқан болатын.

 

Қатысты Мақалалар