20 МИЛЛИОН ҚАЗАҚ – ЕЛБАСЫНЫҢ АРМАНЫ

/uploads/thumbnail/20170709050907308_small.jpg

Тоқсан сайынғы жарияланатын статистикалық деректердің ішінде халықтың демографиялық өсімі елеміздің тұрақтылығы үшін керек. Қазақтың «көп қорқытады, терең батырады» деген даналық тұжырымдары мынандай алмағайып заманда және дүние жүзінде жер көлемі 9 орын алатын қазақ елі үшін өте қажет-ақ.

Бірақ, статистикалық деректер бойынша Қазақстан халқы жылына тек 200-250 мың адамға көбейеді екен. Олай болса, мұндай үрдіспен Елбасы межелеп берген 2020 жылы қазақ халқы 20 млн. болады деген деңгейге ешқашан жете алмаспыз. Ал, Ұлт көшбасшысының мақсаты - қазақ жерін қазаққа толтыру.

Бір өкініштісі ағыл-тегіл ағылған қазақ көшін тоқыратып қойдық. Ендеше табиғи өсім арқылы қазақ халқының санын көбейту күн мәселесінде тұруы керек еді, бірақ осы жағынан келгенде үкіметтің демографиялық саясаты ақсап жатқан сияқты. Олай дейтінім үкімет болашақ аналарға қандай көмек қолын созып отыр. Өйткені, қабылданған заң бойынша жәрдемақы сомасын алалап беріп отырған сияқты, яғни жұмыс істейтін әйелге бір бөлек, жұмыс істемейтін әйелдерге бір бөлек төленуін айтамын. Қазақтың «ер адам түз бақса, әйел адам үй бағады» деген дана нақылы бар, сонда Қазақтың бай елінде жұмыс істейтін әйел мен жұмыс істемейтін әйелдер деп екі топқа бөлгені түсініксіз, әлде олар өмірге екі түрлі сәби әкеле ме екен!? Біреуі төре, екіншісі төлеңгіт дегендей! Дегенмен заң шығарғыш депутаттар әйелді де, туған баланы да екі топқа бөлуді әлеуметтік теңсіздік тудыдырдық деп ойлай ма екен. Мысалы, статистикада «самозанитый» деген топ бар (негізі ауыл адамдары) яғни үкіметке салық төлемей (салық төлеуге қалталары көтермейді) өздерінің сиырының бір бұтына қарап өлмес күнін көріп отырған жандар дәлірек айтсақ өлуге қолдары тимей отырған жандар. Ал, олардың әйелдерінен туған балалар екінші топтың яғни болашақ төлеңгіттер болғаны ма.

Ал, енді халықты қанап, езуін тілетін капиталистік елдер ана мен бала үшін қандай әлеуметтік шаралар қарастырған екен оны мен мына сайттан оқып таныстым, таныстым да таңғалдым:

1. Араб Әмірлігінде жаңа туған сәбиді мұнайды сатқан табысының 150 мың долларымен қамтамасыз етеді екен.

3. Кувейтте мемлекет әрбір туған нәрестеге 3 мың доллар көлемінде банк шотын ашады, әр азаматтарына үй-жай салу үшін пайыссыз 220 мың доллар несие ұсынады. Одан басқа үкімет әр кәмелетке жасына толмаған балаларға 170 доллар көлемінде ай сайынғы жәрдемақы және 300 доллар әр үй шаруашылығында отырған әйелдерге беріледі. Елде білім алу тегін.

4. Сауд Арабында үкімет әр жаңа туған сәбидің шотына 10 мың доллар аударады , үй алу үшін қайтарымсыз 80 мың доллар беріледі. 13 мың доллар жоғарғы оқу орнын бітірген түлектерге беріледі. Бұл елде медицина және білім алу мұнайдың табысы арқасында тегін.

5. Түркменістанда электроэнергия, су, газ және тұз тұрғындар тегін алады. Одан басқа  бензин Аи-95 тіптен… 16 цент литрі.

6. Норвегияда әр азаматқа туғаннан бастап мұнайды сатқаннан алынған қомақты қаржы түсіп тұрады. Елде заңды тұрғыдан тегін білім, тегін медицина, әлеуметтік жәрдем жоғарғы деңгейде.

7. Табиғи байлығы жөнінде әлем бойынша алғашқы ондықтың ішіне кіретін Қазақ елінде сәбилерге көрсетілетін заңның сөзі де, арифметикасы да көп заң екен. Бір ғажабы, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді өз бетінше формула арқылы есептеуге де болатын көрінеді! Ай сайынғы төлем көлемі соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісті 0,4 - кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгені құраса, онда ай сайынғы төлем көлемі 24 мың теңгені құрайтын көрінеді.

Ал, жұмыссыз аналарға төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері бірінші бала үшін 5,76 АЭК (АЭК 2016 - 2121тг х 5,76/12217), екінші бала үшін 6,81 АЕК, үшінші бала үшін 7,85 АЕК және төртінші бала үшін 8,90 АЕК-ті құрайды. 2016 жылы біржолғы жәрдемақы көлемі бірінші, екінші және үшінші балалар үшін 31,41 АЕК және төртінші бала үшін 52,35 АЕК-ті құрайды.

Еһ, шіркін! Еліміз көрінген форумдарға, қала күніне, шетел әншілеріне шашқан ақшаны Аналарды жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін деп бөлмей жаңа туған сәбилерге қаржыны аямай берсе ғой қазақтың даласы қазаққа толар ма еді. Сол туған балалар ертең өздері үшін төлеген ақшаны 100 есе қылып қайтарар еді. Әттең, әттең көреген басшы болса ғой!!!

Осы қазақ бірін бірі көре алмайды бір бірінің аяғынан тартады, аяқтан шалады, қазақ жалқау, жатыпішір деген қаңқу сөздерді қазақтардың өз ауыздарынан естіп (басқа ұлттардың қазақтарды жамандағандарына ет үйренген) расында неге қазақ болып жүрмін деп өкініп те қаласың. Неге қазақ осылай өз ұлтынан түңіледі. Неге??? Меніңше оның себебі 25 жыл тәуелсіз мемлекеттің құраушысы болған қазақ тілінің аяқ асты болуы, табиғи байлығымыздың талан-таражға түсуі, әкесі емес бабаларымыздың мұраға тастаған жерінің қолды болуы, экономикамыздың шатқаяқтануы, ал экономикамыз гүлденді десе де, ЖІӨ жан басына 13000 доллар болды десе де теңгенің долар бағамына шаққандағы құны 352 теңге болуы барлық жеткен жетістікті жуып-шайып кететіндігі.

Бірақ көңілімді уататыны сол жалқау қазақтың жаман болсын жақсы болсын орысша сөйлесін, ағылшынша сөйлесін Қазақтың тәуелсіз елі бар екендігі. «Көң айналып қалпына келер» ендеше қазақ ұлтының болашағына сенемін.

Ерсін Ерғалиев

Қатысты Мақалалар