* * * ...Қонарым мен ұшарымды Белгілейді жан іші. Күңгірт қиял құшағында Билейді түн тағысы. Шағаладай шарқ ұрады, Қайғымыздан Ай біздің. Судың өзі алқынады, Сұңқылынан байғыздың. Неткен ұзақ күбір еді... Ессіз жалғыз сенделем. Ұйқы басқан дүниені Ұйқысыздық меңдеген Сәт секілді бұл бұла түн, Не дейді алыс жолдарым? Дәл осылай шыңғыратын, Опат болған ойларым... Сол ойлардың қоламтасын Көсей-көсей жалықтым. Төсеп маған жонарқасын, Сарғаяды ғаріп күн. ...Қонарым мен ұшарымды Белгілейді жан іші. Түпсіз қиял құшағында Дірілдер түн даусы...
Пікір қалдыру