Әзербайжан ғана емес әлем әдебиетінің тарихынан орын алған аса көрнекті классик ақын Мухаммед Хусейн Шахрияр мен Булут Қарачорлу Саханд екеуінің бай мұрасы түркі дүниесіне таныту маңызды.
Оңтүстік Әзербайжанда дүниеге келіп ана тілі мен парсы тілінде өлең өрнектеген қос ақын Әзербайжан мен Иран елінің рухани қазынасына теңдессіз жауһар сыйлаған қос тұлпар деуге негіз бар.
Түркі академия түркі әдеби мұрасын дәріптеу, насихаттау, аудару жобасының негізінде қолға алған істің жемісінде Мухаммед Хусейн Шахриярдың «Хайдарбабаға сәлем» , Булут Қарачорлу Саханд «Бабам кітабы» туындысы қазақ, өзбек оқырмандарына тарту етіп отыр.
Мухаммед Хусейн Шахрияр «Хайдарбабаға сәлем» дастанын қазақ тіліне аударған А.Тойшанұлы, К.Құныпияұлы, А.Маемерова, шайыр Булут Қарачорлу Саханд «Бабам кітабы» дастанын қазақ тілінде сөйлеткен академик, ақын А.Шәріп
Пікір қалдыру