Евгений Тищенко: Бәрібір өз жеңісімді мақтан тұтам (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709053651498_small.jpeg

Рио-Олимпиадасында 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Василий Левитті жеңген Евгений Тищенко ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. Спортшы ол сұхбатты салтанатты марапаттау рәсімінен кейін берген. Оның бапкері де өз пікірін білдірген, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz тілшісі.

«Бәрібір мен өз жеңісіме қуаныштымын. Мен осы жеңіске барымды салдым. Сондықтан алтын медальды алғанымен мақтанамын. Шынымды айтсам, бұны әлі толықтай сезген жоқпын. Дегенмен, уақыт өте келе, ол сезім келеді деп ойлаймын», - дейді Е.Тищенко.

Оның айтуынша, финалдық жекпе-жекті сыртынан тағы бір рет көру керек. «Дегенмен, бұл менің спорттық мансабымдағы ең үздік жекпе-жегім болды деп ойлаймын», - дейді ол.

Қатысты Мақалалар