Неміс ауыр атлеті: Қазақстан спортшылары әлі күнге допинг қабылдайды

/uploads/thumbnail/20170709053656576_small.jpg

Германиялық ауыр атлет Алмир Велагичтің қазақстандық әріптестері мен олардың бапкеріне деген өкпесі қара қазандай сияқты. Die Welt – ке берген сұхбатында ол Қазақстан және посткеңестік елдер спортшыларының еш қымсынбастан допинг қабылдайтынына күмәнданбайтынын айтқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Егер сіз Риодағы жарысты көрсеңіз ол масқараны байқаған боларсыз. Жап-жас спортшылар әлемдік рекордтардан бастап жатыр. 77 келіге дейінгі салмақ категориясында ұтқан қазақстандық (Н. Рахимов – ред.) допинг үшін жазаланғаннан кейін қайта оралып, 40 келі артық салмақты көтереді. Осы екі жыл ол үшін табысты болған сияқты. Енді осы жүктемелермен, әлемдік рекордтармен ойнап жүр. Бұл күлкілі», - деген ол бірқатар елдерді спорттан шеттету керек деп санайды.

«Бұрынғы КСРО елдері – Қазақстан, Грузия, Беларусь, Украинаны» шеттету керек», - дейді ол.

А. Велагичтің сондай-ақ, қазақстандық ауыр атлеттердің бас бапкеріне қатысты да айтары бар екен.

«Сіздер олардың басшыларына қараңыздар. Олардың бапкерлері (А. Ни – ред.) қаншама допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетсе де әлі орнында отыр. «Қазақстан – бірінші!» деп айқайлап жүр. Бұл бірте-бірте циркке айналып бара жатыр», - дейді ол.

Қатысты Мақалалар