ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ВАСИЛИЙ ЛЕВИТТІ ҚОЛДАП ПЕТИЦИЯ ЖАРИЯЛАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709053748608_small.jpg

Саясаттанушы Ерлан Саиров қазақстандық боксшы Василий Левиттің Риодағы жеңілісін «әділетсіздік» деп бағалап, Халықаралық әуесқой бокс федерцаицясы президентінің атына петиция ұйымдастыруда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Петицияда Қазақстанның әуесқой боксты дамытуға айтарлықтай үлес қосып келе жатқаны, әділ бәсекелестік пен әділ шешім сынды олимпиадалық қозғалыстың басты қағидаларын қолдайтыны айтылады.

«Кеше әлемдік қауымдастық алдында олимпиадалық құндылықтардың мәні мен әділ шешімге деген сенімді жоятын оқиға болды. әңгіме 91 келі салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы В. Левит пен ресейлік Е. Тищенко кездесуі туралы болып отыр. Олимпиадалық қағидалар мен әділ жекпе-жектің барлық өлшемі бойынша жеңіс Қазақстан спортшысы В. Левиттің жағында болды. судьялар корпусы сана мен спорт құндылықтарын жиып қойып, жеңісті ресейлік Е. Тищенкоға берді. Біз бұл жағдай:

-олимпиадалық әділ сайыс қағидаларына деген сенімнің төмендеуіне;

-бокстың спорт түрі ретінде күрес пен шешім қабылдаудың басқа да әдістерінен ада еместігі туралы күдік тууына себеп болады деп санаймыз.

Сондықтан, біз аяққа тапталған «әділ бәсеке», «рух сайысы», «әділ шешім» деген олимпиадалық құндылықтарды қалпына келтіруді ұсынамыз. Ол үшін судьялар корпусының спортқа жат қылықтарына қызметтік тексеріс жүргізу, әлемдік жанкүйерлер қауымдастығының «судья неге әр жолы ресейлік боксшының «өзіне келуіне» және «демалуына» ашық мүмкіндік берді, осылайша ресейлік боксшыға қамқорлық жасады, судьялар жекпе-жек нәтижесін ашық бұрмалаумен айналысты» деген заңды сұрағына жауап беру қажет деп санаймыз.

Содан кейін Сізден әділдікті қалпына келтіруді, яғни, кездесу қорытындысын қайта қарауды сұраймыз», - делінген петицияда.

Қатысты Мақалалар