Иван Дычко жартылай финалға өтті

/uploads/thumbnail/20170709053807296_small.JPG

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында аса ауыр салмақта ел намысын қорғап жүрген Иван Дычко ширек финалда Эфе Аджагбаны ұтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz..

Иван үш раундта да қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Кездесу тізгінін алғашқы минуттан өз қолына ұстады. Нәтижесінде үш төреші де Дычконың жеңісіне күмән келтірген жоқ.

Иван осының алдында әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовтан басым түскен болатын. Ол кезде Меджидовтің қабағы жыртылып, дәрігерлер оған жарысты жалғастыруға тыйым салған болатын.

Осылайша Дычко екінші рет Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып отыр. Бұдан төрт жыл бұрын Лондонда қола жүлдегер атанған еді.

Қатысты Мақалалар