Белгілі продюсер Баян Есентаева өзіне қатысты ел арасындағы түрлі әңгімелерге инстаграм арқылы жауап берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Өз шындығым өзімде, адамдар әр нәрсені сөз етіп, өзіне ыңғайлы үкім шығаруда. Кез-келген қателікке жаза бар…», – деп жазды ол жариялаған кезекті суретінің астына.
Суретке қарап продюсердің әлі де денсаулығын қалпына келтіріп, шетелде демалып жатқанын аңғаруға болады. Продюссердің суретіне лайк басқандар санында да есеп жоқ. Бастысы жазылушылардың дені Баянға «айтатын ел айта берсін, біз сізбен біргеміз» деген ойларын жеткізуде.
Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шыққан еді.
Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған. Ал тамыздың 3 күні оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған.