Пан Ги Мун Судан келіссөздерінен түңілді

/uploads/thumbnail/20170709054516192_small.jpg

Бірікен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы  Пан Ги Мун Судандағы қақтығысушы тараптардың Дарфур, Көгілдір Ніл және Оңтүстік Кордофан провинцияларында  қақтығысты тоқтату үшін келісімге келе алмағанына  ренжулі екенін жеткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz. 

Бас хатшы офисінің сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде 9-14 тамызда Эфиопияда, Аддис-Абебеде өткен келіссөздер нәтижесінен Пан Ги Мунның көңілі қалғандығы айтылған.  Бас хатшы барлық тараптарды келіссөздерді жаңартуға және "Жол картасында" жазылған келісімдерді сақтауға шақырды.

"Жол картасы" Африкалық Одақ ұсынған құжат, биылғы жылдың 8 тамызында оппозициялық топ қол қойған. Судан билігі құжатқа 2016 жылдың 21 наурызында қол қойған болатын. "Жол картасына" қол қойылғаннан кейін бірден Судан аймақтарында бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі келіссөздер басталған еді. 

Қатысты Мақалалар