Азияның шай өсіру аймақтарындағы қуаңшылықтан көптеген жапырақты плантациялар қурап жатыр.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан шайдың бағасы қымбаттауы әбден мүмкін. Мәселен, Шри-Ланка мен Малайзияда көптен бері болмаған құрғақшылық өнімнің біраз бөлігін құртып тастады. Бүгінде ол жақта шай өндірісі күрт төмендеп қалды. Әсіресе, шағын шаруа қожалықтары қатты зардап шегіп отыр. Шри-Ланкада жүздеген кәсіпкерлер шығынға батуда. Ал бұл мемлекет әлемде шай экпорты бойынша екінші орында тұр.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай шайдың бағасына әсер етеді. Әзірше, бағаның қалайша өзгеретіні белгісіз. Құрғақшылықтың салдарынан шайдың бағасы ғана емес, сапасы да өзгеруі мүмкін. tengrinews.kz