Енді бір ұлтты мемлекетпіз

/uploads/thumbnail/20170708152005999_small.png
"Қазақстан халқының 65,6 пайызы - қазақтар. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті" деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  Әлемде қалыптасқан дәстүрге сай халқының 65 пайызы бір ұлттан құралатын мемлекеттер ұлттық мемлекет болып табылады. Ал мемлекетқұрушы ұлттың айналасына топтасқан өзге этностар - диаспора қатарында саналмақ. Мысалы, еліміздегі орыстар - 21,5, украиндықтар - 4,8, өзбектер - 3, ұйғырлар - 1,4, татарлар - 1,2, немістер - 1,1 пайыз. Бұлар еліміздегі үлес салмағы 1 пайыздан асатын ұлттардың көрсеткіші.
Әлихан Сымайылов келтірген бір мәліметке назар аударсақ, Павлодар облысындағы қазақтардың үлес салмағы - 49,8, орыстардікі - 37,2, украиндықтар - 4,8, немістер - 2,8 пайызды құрайды. Яғни еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қазақтар саны табиғи өсім мен көші-қон есебінен артып келеді.
"Қамшы"  сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар