Назарбаев Университеті еліміздің басқа университеттерінен несімен ерекшеленеді?

/uploads/thumbnail/20170709063737750_small.jpg

 Бүгінгі таңда Отандық ЖОО-ның ішіндегі  әлемге танымалы, жастардың арманына айналған – Назарбаев Университеті.

Назарбаев Университетінің білім беру әдісінің басқа  оқу орындарынан ерекшелігі  айтарлықтай көп.

Біріншіден, университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді.  Оқыту тек ағылшын тілінде жүреді, бірақ арнайы қазақ тілі кафедрасы бар. Әлемнің түкпір– түкпірінің ең үздік университеттерінен жиналған профессорлар дәріс береді (мысалы, Ұлыбританияның ең үздік университеті – UCL).

Екіншіден, еліміздің басқа университеттерімен салыстырғанда, Назарбаев  Студенттердің  оқуы мен университет жатақханасында жайлы тұрулары үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз,  тегін интернет, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан,  жатын орны мен тамақтану тегін (күніне 4 рет). Менің естуімше, еліміздің басқа университеттерінде концерттер мен басқа да іс шараларға қатысуға студенттерді  мәжбүрлеп жатады. Ал,  Назарбаев Университетінде  болатын іс шаралар жайында  студенттерді  алдын-ала хабардар етеді, барып - бармау  студенттің өз еркінде.

Назарбаев Университетінің жатақханасы

Назарбаев университетінің асханасы

Үшіншіден, оқыту жүйесі, сабақ кестесін, мұғалімдерді студенттердің өздері таңдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттер өз білімін тәжірибе жүзінде де көрсете алады. Халықаралық пәнаралық инструменталдық орталықтың мақсаты - ерекше қымбат тұратын талдау жабдығын тиімді пайдалану, пәнаралық іргелі және қолданбалы зерттеулерді өткізу. Бұл орталықтың базасында жоғары технологиялық бірнеше зертхана ашылуда. Зертханалар физика, химия, материалтану, биология, техника және медицина сынды пәнаралық бағыттарды қамтиды.

Университет миссиясы - Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар Астананың Еуразия орталығында зерттеу және білім беру орталығын қалыптастыру. 

Спорт сүйетін жандарға арналған екі теннис корты, екі футбол алаңы, баскетбол алаңдары және де спортзал бар.

Дегенмен, көптеген мүмкіндіктерге қарамастан,Назарбаев Университетінде білім беру ағылшын тілінде жүзеге асырылатындықтан қазақ тіліне көңіл бөлінбейді. Сонымен қатар, білім беру жүйесі өзгеше болғандықтан, университетке түсу ережелері де өзгеше. Орта мектеп оқушылары мұндағы бағдарламалармен таныс емес. Қосымша дайындық арқылы ғана бұл емтихандарды тапсыра алады.

Жоғарыда айтылған кемшіліктерге қарамастан, Назарбаев Университеті - көптеген мүмкіндіктер мен жарқын болашаққа жол ашатын оқу орны.

Қатысты Мақалалар