Жас геологтар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

/uploads/thumbnail/20170709063920122_small.jpg

Жапонияның Осака қаласында өткен IESO – 2016 Жер туралы халықаралық ғылыми олимпиадасына қатысқан Қазақстанның жас геологтары жүлдемен оралды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

«Естеріңізде болса, осыдан бірнеше апта бұрын Жапонияның Осака қаласында өткен IESO – 2016 Жер туралы халықаралық ғылыми олимпиадасына бір топ жас геологтарымызды шығарып салған едік. Сол жас ғалымдарымыз барша қазақстандықтардың сенімін ақтап, елге жүлдемен оралды. Астаналық №4 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Әлия Жағыпарова жеке сынақта қола медаль жеңіп алды, оған қоса халықаралық команда құрамында Жер туралы ғылымдар жөніндегі жобада (Earth Science Project) бірінші орынға ие болды. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Әдия Баймурзина ITFI (Халықаралық командалық далалық зерттеу) командалық сайыста бірінші орынға ие болды. Оның сыныптастары Әзиза Аймухамбетова мен Аружан Төлегенова да барлық сайыстарға белсенді қатысып, жарысты абыроймен аяқтады», - деп жазады ол. 

Қатысты Мақалалар