Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Раушан Қойшыбаева күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қазақстандық спортшы пауэрлифтингтен сынға түсіп, 67 келі салмақтағы спортшы 113 келіні еңсерді.
Бұл – Қазақстан құрамасы қоржынына түскен Паралимпиададағы екінші медаль. Жалпымедалдық есеп бойынша еліміз қазір 38-орында келеді.