Айт намазын оқу үшін Әзірет Сұлтан мешітіне ағылған халықты арнайы жасақ күтіп алған. Қауіпсіздік органдары мұны адамның көптігімен, мешітте орын қалмауымен түсіндірген.
Полиция жасағының әрекетіне наразылық білдірген Сырым Абдрахманов атты Фейсбук қолданушысы арнайы жасақ жауынгерімен болған әңгіме жазылған видеоны желіге жүктеді.
«Сендер Ақорданы күзетіп тұрған жоқсыңдар! Президентті күзетіңдер, Үкімет пен Парламентті күзетіңдер! Бұл Алланың үйі ғой, неге кіргізбейсіңдер!», - деген ренішін білдіреді С. Абдрахманов полицейлерге.
Полицияның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Жұртшылықтың дені мұндай қауіпсіздік шараларын асыра сілтеу деп бағалауда.