Қостанайда құрбан айт күні 94 отбасы баспаналы болды

/uploads/thumbnail/20170709065405656_small.jpg

Құрбан Айт құт әкеліп, бүгін Қостанайда 94 отбасы жаңа қонысқа жайғасты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында табыс етілген тұрғын үй облыс орталығындағы «Алтын Арман» шағын ауданында бой көтерген, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Баспаналы болғандардың дені - мұғалімдер мен дәрігерлер, әскерилер мен көп балалы отбасылар. Бекболатовтар әулеті көп жылдан бері үй-күйсіз жүрген болатын. Жалдамалы пәтерге көшіп-қонған 4 балалы отбасының қуанышында шек жоқ.

Күлаш Жүсіпова, қала тұрғыны:

- Сәуірде кішкентай қызымыз туды, сол айдың аяғында мына бағдарламадан хабар шыға бастады. Жүгіріп барып, бұлар өтінішін берді. 15 минуттың ішінде электронды кілтін алды да, 2 айдан кейін пәтерін алды. Енді қалай қуанбайсың. 

Қатысты Мақалалар