Марғұлан Дүзелдіков: «ҚазТАГ» жарияланымдарын 5 мың теңгеге сатты

/uploads/thumbnail/20170709070124412_small.gif

Астанадағы №2 Есіл аудандық сотында Сейітқазы және Әсет Матаевтардың қылмыстық ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі  сот отырысында сотқа жауап берген IT-маманы Марғұлан Дүзелдіков «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында өз жарияланымдарын 5 мың теңгеге сатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, келісім-шарттың талаптары бойынша, С. Матаевтың иелігіндегі «ҚазТАГ» агенттігі күн сайын ашық жағдайда жаңалықтар жариялауы тиіс болғанымен, бірақ бұл талап орындалмаған. Өйткені агенттік жаңалықтары тек ақылы қызмет түрін пайдаланатын оқырмандарға ғана қолжтімді болған.

«Агенттік жаңалықтарының көпшілігін кез-келген оқырман оқи алмайтын, өйткені ол тек ақылы қызмет түрін пайдалана алатын оқырмандарға қолжетімді болды. Мысалы, әр материалды оқу үшін 5 мың теңге төлеуге тиіссің. Сонымен қатар, жаңалықтарға жазылушылардың саны 200-ден аспауы қажет деген талап қойылды»,- деп түсіндірді істің ақ-қарасын сотқа берген жауабында М. Дүзелдіков. Ол сотқа ҚазТАГ агенттігінің ортаазиялық әріптестерінің барлығы бір серверде орналасқанын айтып берді. Материалдарды редакциялауға тек Әсет Матаевтың құзыреті болған.

  «ҚазТАГ ақпараттық ресурсына толық тексеру жүргізу нәтижесінде ҚырТАГ, АуТАГ, ӨзТАГ және ТәжікТАГ ақпараттық агенттіктері бір серверде орналасты, олардың әкімшілері мен редакторларының іс жүзінде барлық ресурстарға шыға алатын мүмкіндігі болды. ҚырТАГ, АуТАГ, ӨзТАГ және ТәжікТАГ-тың барлық жарияланымдарын тек Әсет Матаев қана түзете алатын еді. Яғни, аталған ақпарат агенттіктері әріптестер емес, турасында Әсет Матаевтың иелігіндегі ресурстар»,-деді М. Дүзелдіков.

Сарапшы маманың айтуынша, техникалық ерекшеліктерге сәйкес, қойылған талаптың бірі фотомұрағаттың болуы. Алайда ондай фотомұрағат болмаған. Бұл туралы сотқа берген жауабында Марғұлан Дүзелдіков: «Зерттеу барысында дискіде ешқандай фотомұрағат табылмаған жоқ. Алайда ҚазТАГ атқарылған жұмыстар туралы есеп бергенде тапсырыс берушінің есебімен қатар электронды мұрағатты қоса тапсыруға міндетті. Бірақ материалдарды мұрағаттау жұмысы жүргізілмеген»,- деп түсіндірді.

Айта кетелік, сотқа дейінгі тергеу іс-шараларынан анықталғандай, 2010-2015 жылдар аралығында Сейітқазы Матаев өз ұлы – «ҚазТАГ ХАА» ЖШС-інің бас директоры Әсет Матаевпен бірлесіп алдын-ала бір топ адамдармен сөз байласып, алдау мен сенімді теріс мақсатқа пайдалану жолымен мемлекеттік сатып алу саласындағы ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды. Ұрланған ақшаның көлемі 169 млн. теңгені құраған.

Әмірлан Әлімжан 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар