Алматы мен Астана тұрғындары оны тек жақсы сөздерімен еске алады
Иманғали Нұрғали Тасмағамбетов соңғы 20 жылда комсомол ұйымының бірінші хатшысынан бастап ҚР Премьер-министрі орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Ол 1995 жылдан бастап, 1997, 2002 жылы жоғары қызметтер атқарып, тіпті Премьер креслосына дейін жетті. Бірақ, сол жылы ақ ол орынтағын босатып, мемхатшы болды, ары қарай 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы, 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласы әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласы әкімі, 2014 жылдың 22 қазанынан 2016 жылдың 13 қыркүйегіне дейін Қазақстанның қорғаныс министрі болды.
Ең харизмалы саясаткер жайлы тағы не білеміз? Оның өмірбаянынан бірнеше факті келтірейік:
Біріншіден: Иманғали Тасмағамбетов Кіші жүзден. ( 1956 жылы желтоқсанның 9 күні Гурьев облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген.
- Қорғаныс министрінің үлкен қызы - Қазақстанның ең бай адамы, танымал кәсіпкер Кеңес Рақышевтың жары.
- Иманғали Тасмағамбетовті Президент әрдайым өте жауапты оперативті шешім қабылдап, түйінді мәселелерді шешуі тиіс қызметтерге тағайындаған. Иманғали Тасмағамбетов үкіметі парламентте жаңа Жер кодексін қарауды ұсынған, ол Қазақстанда бірнеше жыл бұрын талқыға түскен жеке меншік жерге қатысты дау. Ол кезде Жер кодексі үкімет ұсынған күйі қабылданған болатын, бірақ Тасмағамбетов мәлімдеме жасап: « Парламент мәжілісі өзінің толыққанды еместігін және ары қарайғы экономикалық реформа шиеленісіне дайын еместігін көрсетті»—деп орнын босатып, қызметінен кетті.
- Алматы әкімі болып тұрған кезде, оппозициялық БАҚ-тарда жазғандай ол бірнеше даулы оқиғалардың ортасында жүрді. 2006 жылдың шілде айындағы Шаңырақ оқиғасы оның репутациясына біраз залал келтірді
- «Азия Даусы» фестивалінің жабылыуында да оны еске алады.
Дегенмен, көпшілік Алматы тұрғындары ол қала басқарған кезге тек жағымды пікірлер айтады. Ол қарқынды құрылыс жұмысы, сенбіліктер мен тазалықтар үшін күрестер. Арықтарда Тасмағамбетов кезінде су жүгіріп, субұрқақтар іске қосылып, аулада балалар алаңы пайда болып, түнгі көшелерде шам жарықтар жанған. Олимпияда ойыны отының сауатты жануын да сонымен байланыстырады.
- Астана қаласының тұрғындары да оны жақсы сөздермен еске алады. Ол астананың бесінші қала басшысы. Ол 6 жыл қала әкімі болып рекорд орнатты. Және басты шешуге тырысқан проблема - үлескерлер мәселесі.
- Тасмағамбетов құрылыс жұмыстарының барысын өзі қадағалап, қақаған суықта да нысандарды аралаған.
- Қорғаныс министрі қызметінде И.Тасмағамбетов – энергиялы басшы, жақсы стратег және ақылды кризис –менеджер болып тағайындалды. Сол кездері Айдос Сарым жазғандай, ҚМ өте күшті менеджерлер, қатал және харизмалы басшы, генералды корпорация мен қарулы күштерді ретке келтіретін тұлға керек болған.
- И.Тасмағамбетов - философия ғылымдарының кандидаты. Қазақ зиялыларына барынша қолдау көрсетіп жүрген жан. Ол тарихқа, археология мен этнографияға да бей-жай қарамайды. ЮНЕСКО қамқорлығымен ол қазаққа танымал мәдениет және ғылым саласының адамдарының мерейтойын өткізді. Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың — 150 жылдығы, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұланның ғасыр тойлары. Халықаралық мәдени экспедицияда — сол кісінің басшылығымен жүзеге асқан. Сонымен қоса ол « Қазақстанның әлеуметтік –саяси жаңаруы: тенденциялар мен басымдылықтар», « ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі», « Орталық Азия зергер-шеберлерінің бұйымдары», « Пекиннен Астанаға дейін: астаналарды ауыстыру тарихы», « Ұлы дала Кентаврлары» және т.б. Айтқандай, соңғысы екінші халықаралық «Кітап өнері» конкурсын жеңіп алды.
- Оның үстіне И.Тасмағамбетов Моңғолия, Батыс Қазақстан және Ресей Федерациясындағы Астрахан облыстарына арналған мәдени экспедициялардың ұйымдастырушысы («Каспий:мұнай және мәдениет») және тағы басқалары. Солардың бірінің қорытындысы (2000) Моңғолиядан Қазақстанға Күл-Тегін тасындағы ежелгі түрік монументалды жазуларының көшірмесінің келуі болды.
Пікір қалдыру