Алматы облысында Тамғалытас шатқалында «Жартасты қала -Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2016» республикалық жиын-семинары жалғасуда.
Жас құтқарушылар командалары арасындағы жарыстың жеңімпаздары айқындалды, олар екі күн бойы құтқарушы көпсайыcында бірінші орынға бақ сынасты. Жас құтқарушылар техногендік және табиғи апаттар жағдайында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, конкурстық бағдарламаға психологиялық тестілеу, өзін-өзі таныстыру және қабырға газеті кірді.
Жарыстың барлық кезеңдерін өту нәтижелері бойынша 1-орынды Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары иеленді. 2-орында Жамбыл облысында. 3-орын Астана қаласының жігіттеріне бұйырды. 4-орынға Қарағанды облысының атынан Теміртау Балалар ауылы SOS құтқарушылары. Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен мараптталды.
Жүлделі 1-ші және 3-ші орындары иеленген жас құтқарушылар өздерінің ұтып алған жүлделерін Теміртау Балалар ауылы SOS тәрбиеленушілеріне тапсырды.
Кәсіби құтқарушылар командаларының арасында сайыс жалғасуда.
«Техногендік апаттар жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында құтқарушылар «Үйінді», «Жар», «Лабиринт», «Таудағы құтқару жұмыстары», «Жол-көлік және теміржол оқиғалары», «Химия», «Форт» кезеңдерінен өтеді.
Барлық сайыс кезеңдерінде командалардың басты міндеті «зардап шеккендерді» және «қаза болғандарды» іздеп табу, оларды қауіпсіз жерге шығару, алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды қауіпсіз орынға көшіру болып табылады.
Кинологиялық есептоптар «Бағынуды және икемділікті тексеру» арақашықтығына жарысуды жалғастыруда.
«Қазқұтқару-2016» 21-ші республикалық жиын-семинары 22 қыркүйекке дейін жалғасады