Головкиннің әлеуетті бес қарсыласының аты аталды

/uploads/thumbnail/20170709071357954_small.jpg

Boxingnewsonline.net порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің болуы мүмкін бес қарсыласын атады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ең танымал нұсқа - Сауль Альварес «Канело», американдық Дэниэл Джейкобс және британдық Билли Джо Сондерс. Сондай-ақ тізімге британдық боксшы Джеймс Дигейл және ресейлік Сергей Ковалёв кіріп отыр.

Ең болуы ықтимал нұсқа - Головкиннің Джейкобспен айқасы. Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы (WBA) оларды 120 күннің ішінде рингте кездесуге міндеттеді.

Бұдан бұрын Сондерс, Головкинмен айқас алдында бір жекпе-жек өткізгісі келетіндігін мәлім еткен болатын.

Яғни Головкин - Сондерс жекпе-жегі GGG пен Джейкобспен кездесуінен соң кезекті айқас ұйымдастырылады деп болжам жасауға болады.

Қатысты Мақалалар