«КТК» екінші «Еуразия» арнасына айналып бара ма?

/uploads/thumbnail/20170709071359798_small.jpg

Осыдан 2 жыл бұрын КТК телеарнасы «Назарбаев туралы фильм түсірдік, бұрын еш жерде айтылмаған сенсациялық деректер айтамыз, көзқарастарыңды өзгертеміз» деп жарнамалап еді. Нәтижесінде түк қызық емес, сол бұрынғы ескі оқиғаларды, ешқандай сенсациясы жоқ деректерді көрсетті.

Бүгін де Тоқтардың артын ашамыз, сенсациялық видеоларды көрсетеміз деп, дешевый репортаж ұсынды. Тоқтарды «шиковать» етіп өмір сүргені үшін соттап жатқан жоқ, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп соттап жатыр. Бірақ, КТК репортажында ол туралы дәлелді дерек айтылмады. Тек, қызының, әйелдерінің сыйлықтарын санап шықты. 

Елімізде Тоқтар сияқты миллиардтап ақша тауып жатқандардың балаларының бәрі сол Тоқтардың ұл-қыздары секілді өмір сүріп жатқан жоқ деп айта аламыз ба? 

Тоқтарды ақтап отырғаным жоқ, дұрыс қайта, ауыр қылмыс жасаса сотталып, қамалуы керек. Айтқым келгені, КТК-ның түк сенсациясы жоқ репортажы туралы. Анау «артына» бутылка тығып жатқан видеосы «Еуразия» телеарнасының митинг туралы «сенсациялық» видеосының о жақ бұ жағы ғой.

Серғали Балажанның Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар