Ермахан Шайқы: Кинотанушы көкелер!

/uploads/thumbnail/20170708152206667_small.jpg

Келісімхат Кинотанушы көкелер! Кеше кешқұрым кереуетке көлденеңнен керіліп, көкжәшікке көгенделіп, көрмейкеткір көзіммен «Күлімбикенің күйеуі Кәрімбектің келешегі кемел» кинокомедиясын көрдім. Кинокомедиялық киноның кескін-келбеті келіспеген кейіпкерлері – көкмылжың, көгауыз, кекеш, кетік, кісікиік, кербез, кеудемсоқ. Кадрден көргеніміз – көбіне-көп келеңсіз, кедір, көпірме, көбік көріністер. Кешіріңіздер, кәдімгідей кейіп, күмілжіп, күйіп кеттім. Кейінгі кезде көгілдір көкжәшікте кәріп көріністер, көркемсіз кинолар, кем-кетігі, кемшілігі көптен-көп кесел кадрлер көбелектей көлбеңдеп, көбейіп кетті. Көрерменнің көңілін көтеретін кинокомедия кемде-кем. Күнұзақ кертартпа, көңілжықпас, көзбояушылық көріністерді көруге көнтерілі көрермен көнді. Киногерлердің көпе-көрінеу кері кеткендеріне киелі көрермендердің көңілі күпті. Көрсетілімнің көбісі көккөзді көрермендерге көрсетіледі. Кірме көрерменнің кебін кидік. Келешекте күлкіге көмілген кесек-кесек көріністі кинокомедиялар көргіміз келеді. Киностудиядағы кежегесі кейін кеткен кейбіреулердің, кедергі келтіретін кімкөрінгендердің кебісін кері кигізіп, кинокорпорацияның көлеңкесін көрсетпеу керек. Керек кезінде, керісінше кәсіби, кәнігі киногерлерді киностудияға кезек күттірмей көгендеу – келешегіміздің көсегесін көгертудің кепілі. Кабельді, кабельсіз кеңарналарды кеңейтіп, кеңформатты, кеңэкранды, кеңөрісті, кеңтынысты кинокомедия, киножарнама, киножылнама, киношежіре, кинобайқау кейіпті коммерциялық кешенді көрсетілімдерді кезең-кезеңімен көбейтіп, келісілген кестемен көрермендерге көрсететін кез келді. Көркемдік кеңес күзде, көктемде күллі кеңесшілерімен кеңесіп, келісіп, күлкімен көмкерілген керемет кинокомедияларды көбейтуді көздесе, көрермендердің күдігі кесілмейтіні кәдік. Келісімшартқа келіссеңіздер, келешекте кинотуындыларда кемшілік кездеспейді. Көрермен көңілі кірлемесін, келбет-кепиеттерінен күлкі кетпесін! Кәнеки, кешікпей кірісейік! Келісімшартты К-мен көгендеп, көркемдеп, кестелеген – Ермахан Шайхыұлы

Қатысты Мақалалар