Жетісу жерінде интесивті алма бағын өсіру қарқынды түрде жүргізілмек. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қаржылай көмек көрсетуге дайын. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен корпорацияның басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлованың қатысумен өткен жиында осы мәселе кеңінен талқыланды. Бұл бағытта несиелік серіктестіктердің көмегі орасан, - де хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
2016-шы жылдан бері корпорация қолдауымен Қазақстанда 180 несие серіктестігі құрылған. Оған 12 мыңнан аса ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері біріккен. Алматы облысында 22 несиелік серіктестік жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, несиелік серіктестік жүйесі Ирландия, Польша сияқты мемлекеттерде аса дамыған. Ондағы халықтың 70 пайызы несиені осындай ұйымдардардан алып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Аграрлық несие корпорациясы "Қазагро" Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Агроөнекәсіп кешенін несиелеу жүйесін жалпы тұрғындарға қолжетімді етуді көздейді. Осы жыл басынан бері корпорация 82 млрд теңге несие берген. Оның 3 жарым млрды жетісулық шаруалардың еншісіне тиді.
Десе де бұл, 2 млн халқы бар Алматы облысы үшін өте аз көрсеткіш. Сондықтан, облыс әкімі, аудан басшыларына несиелік серіктестіктердің жұмысын жандандыруды, бөлінген қаражатты игеруді, оны мақсатты жұмсауды қатаң тапсырды. Ендігі жерде "Аграрлық несие корпорациясы" мен Алматы облысы әкімдігі тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады. Екі тарап ынтымақтастықты нығайту және несие серіктестігі мүшелерін қаржыландыру ауқымын кеңейту туралы өзара келісімге қол қойды.
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Алматы облысының қай жағынан болсын мүмкіндіктері өте жоғары екенін жақсы білесіздер. Бізде ауылшаруашылық өнімдерінің барлығы өседі. Тіпті сырттан тасымалдаудың қажеті жоқ. Соны дамыту үшін бағбандарға, шаруаларға жағдай жасауымыз тиіс. Осындай қаржы институттарының потенциалын тиімді пайдаланғанымыз жөн. Міне өздері келіп отыр. Бірігіп жұмыс істейік. Ауылшаруашылығын көтерейік деп.Үстемақысы аса жоғары емес 11 де 3 пайыз. ,Инвестициялық жобалар ұсынайық. Мен қолдауға дайынмын. Біз қандай көлемдегі қаражатты болсын игеруге, оның екі үш есе болып қайтуы үшін жұмыс істеуіміз керек. Өнімдерімізді экспорттауға да жағдай бар.
ГҮЛНӘЗ АТАМҚҰЛОВА
"АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ
Жиын барысында біздің атқаратын жұмысты, Бағдарламаның шарттарын, талаптарын айтуға мүмкіндік болды. Сонымен қатар, корпорация, жетісу әлеу корп, алатау фрутис енерджи серіктесітігі және әкімдік 4 жақты меморандумға қол қойды. Жаңа жобаларды таныстырдық, Олардың болашағы зор деп білемін. Яғни корпорация арқылы, несиелік серіктестік арқылы оған қаражат құйып, табысқа жетуге болады. Бұл мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың бірден бір жолы.