ОРЫС "МӘДЕНИЕТІ" және ДАЛА ДАНЫШПАНДАРЫНЫҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ
Осындан оншақты жыл бұрын Павлодар қаласынан кетіп қалуға тура келді...Сол жылдары араласқан Алматылық танысымды кеше кездестіріп, бір -екі кесе кофе ішіп отырып ұзақ әңгімелесіп қалдық. Осында келіп, құда -жекжаттар тапқанын айтып, ұлттық құндылықтар жайында ойларын ортаға салды. Осыдан оншақты жыл бұрын қызын осы Павлодарлық біреуге тұрмысқа беріпті. Құда осы Павлодарда оқып - тоқыған екен, ал, құдағи Целиноград облысындағы бір ауылда "тәрбие" алған екен. Қазақи әдет - ғұрып, дәстүрден жұрдай екендігі қатты қинапты, досымды. Қазір жиендері бар екен, бәрі орысша сөйлейді,- дейді. Құда мен құдағиға орысша" ТӘРБИЕНІҢ" өтіп кеткені сонша, қазақша сөйлегенге едірейіп қалады екен. Екі құдашасы да күйеуден қайтып келіпті, әке - шешелеріне тек - СЕН , - деп, сөйлегенін көргенде қатты түңілдім, - дейді. Құдағиым сол қыздарының балаларын бағып отыр. Өз немересін керек те қылмайды. - Немеремді баққанша "ДОМ ПРИСТАРЕЛЫХ" "ҚАРИЯЛАР ҮЙІНЕ" пенсиямды беріп сонда барып тұрамын, - дегенде, шошып қашып кеттім, - дейді. Келін түсіріп едім, құда келіп, құдағи келмей қойды. Орысша оқыған аға - жеңгелерім да тойға келмей қойды, Міне, Сәбе, ұлы орыс халқының мәдениеті мен тәрбиесі - дегенде, бетімнен отым шықты! (Себебі, өз басымда да бар осындай жағдай) - Қызымның тағдырына қатты алаңдаймын, осылай жалғаса берсе не боламыз. Менің қызым да, күйеу балам да ҚАЗАҚ деген ұлттың өкілдері ғой, жиендерім де осы ұлттың өкілдері болғандықтан, не істерімді білмей басым қатулы, - деді... - Достар, дала данышпандарының сөзін құлаққа ілмей, "ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ" ең жақсы тәрбиесінің нәтиежесі осындай. P.S. Түрмесі жоқ, прокурору жоқ, тек ДАЛА ДАНЫШПАНДАРЫНЫҢ ДИАЛЕКТИКАСЫМЕН өмір сүрген ҚАЗАҚ деген ұлтта ЖЕТІМ - ЖЕСІР, ҚАРИЯЛАР ҮЙІ, ЖЕЗӨКШЕ , ҚАЙЫРШЫ болып па еді?!!! Сіздің ойыңыз, ҚАЗАҚТЫҢ ОЙЫ, - деп, білемін, Достым!!!