Ақтөбеде маусымның 5 күні террористер басып алған «Паллада» қару-жарақ дүкенінің директорына үкім шығарды,- деп хабарлайды Qamshy.kz Ктк-арнасына сілтеме жасап. Сот Артем Гарлаевты кінәлі деп тапты, Артем қару –жарақты дұрыс сақтамаған, сөрелерде патрондар қолжетімді жерде тұрған. Салдарынан террористер дүкен сатушысы мен күзетшісін, дүкен маңынан өтіп бара жатқан қарапайым адамды өлтірген. Экстремистер автобусты басып алып, әскери бөлімге шабуыл жасағанда «Паллада» дүкеніндегі қару-жарақтарды пайдаланған. Гарлаев қызметтік міндетін дұрыс атқара алмағанын растап, өз кінәсін толықтай мойындады. Соңғы сөзінде ол қаза болғандардың отбасы мен туыстарынан кешірім сұрады. Ал, зардап шеккендер директорға ешқандай кінә тақпайтындарын айтып, оны еркіндікте қалдыруды өтінді. Артында кәрі анасы, кішкентай баласы мен аяғы ауыр әйелі бар екенін де тілге тиек етті. Прокуратура ол үшін екі жыл қоныс колониясын сұрады, енді Артем Гарлаевтың екі жылы сол жақта өтеді.