Жамбыл облысында тағы да Талас өзені тасыды. Судың салдарынан Сарыкемер ауданындағы 60 шақты үйді су басып қалған,- деп хабарлайды Qamshy.kz 31 - арнаға сілтеме жасап. Тұрғындары апат жайында алдын-ала дабыл қаққанмен, әкімдік әрекетсіз болды дейді халық. Толарсақтан келген су үйлерін құлата ма деп қауіптенеді. Сол ауылдың тұрғыны «Түннің бір уағында не әкім келмейді, не шабармандары келмейді» дейді. Талас өзені Сарыкемерліктердің сары уайымына айналды. Су мөлшері бөгетті бұзып, арнасын асып, тұрғын үйлерге жақындап қалған. Жұрт жағдайын айтып, жауапты мамандарға сан рет жүгіндік дейді. Алайда әкімдік өзенге жағалай жайғасқан жұрттың өзін айыптапты. Тасыған Талас етектегі елді түгел жайлаған. Су алмаған сау жер қалмаған. Су Талас бассейнді инспекциясы бұл апат қамсыздықтан болғанын мойындайды. Болмаса су шайған газ жүйесі мен электр бағаналарын қалпына келтіру үшін 12 күн Таласты тоқтатып тұрыпты.