12 қазанда Бангкоктегі Сирират ауруханасында Таиланд королі Пхумипхон Адульядет көз жұмды. Енді мемлекеттік билік оның ұлы 63 жасар Маха Вачиралонгкорнға өтеді.
Таиланд халқының мұрагер ханзададан шөрі ханшайымның таққа отыруын қалайтынын жазған «АиФ» басылымы Маха Вачиралонгкорнның өрескел әрекеттері туралы ақпараттарды жиған екен.
Басылымның жазуынша, Маха Вачиралонгкорн Таиланд королінің жалғыз ұлы. Ол үш рет үйленген. 1977 жылы өзінің бөлесі Мом Луанг Соамсавали Китиякарға үйленіп, көп ұзамай ажырасады.
Ал 1994 жылы актриса Ювадхида Полпрасетпен некелеседі. Екі жыл өткенде Ювадхида Полпрасет балаларын алып Англияға кетіп қалады. Осыдан кейін оның балалары королдік титулынан айырылады.
Ал 2001 жылы қарапайым отбасынан шыққан Срирасми Акхарапхонгпричаға үйленеді.
Таиланд ханзадасы иттерді жақсы көреді. Ол өзінің фуфу деген итіне авиация маршалы деген атақ берген. Ресми қабылдауларда фуфудың үстіне арнайы форма, аяғына бәтеңке кигізіп қояды екен.
2016 жылы итін құшақтаған Маха Вачиралонгкорн Мюнхенге қысқа топик киіп, денесіндегі татуи таңбаларын көрсетіп, джинсімен барған көрінеді. Бұл сапарында ол жалаңаш аяғына сандалий киіпті.
Пікір қалдыру