Ресей Федерациясының федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, кеме Жапон теңізіндегі Ресейдің экономикалық аймағына кіріп кеткен. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды.
Солтүстік Корея кемесін атқылау барысында тоғыз адам жараланған, біреуі артынан көз жұмған. Сондай-ақ Ресей шекарашыларының бірі кемені қарау барысында басынан жараланған.
"Дае Янг 10" кемесі жергілікті уақыт бойынша 16:55 –те ұсталған. Мәлімдемеде көрсетілгендей, бортта Солтүстік Кореяның 48 азаматы болған. Олар шекарашылардың талаптарына мойынсұнбаған. ФСБ-ның мәлімдеуінше, Ресей шекарашылары бірнеше рет ескерту ретінде оқ атқанына қарамастан кеме бағытынан таймаған.
Кемені тексеру барысында заңсыз алынған биоресурстар табылған. Кеме командасы тексеру кезінде қарсылық көрсеткен.
Пікір қалдыру