Семейлік нейрохирургтер алғаш рет миға операция жасады (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709120704139_small.jpg

Семейлік нейрохирургтер алғаш рет миға операция жасады,- деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұрын науқастар емделу үшін Астана қаласына немесе шетелге баруға мәжбүр болатын. Қазір тұрғындар сапалы да заманауи медициналық қызметке қол жеткізіп отыр. Ол үшін жергілікті мамандар Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығында арнайы білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтады. Мидағы ісікті инновациялық жолмен алуға арналған озық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жыл соңына дейін 50-ден астам операция жасау көзделіп отыр.

Факизат Қалиева, науқас:

 - Менің диагнозым –гипофиз аденомасы, ол мидағы ісік. Ауруханаға жедел жәрдеммен түстім. 5 күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түзсіз жаттым. Енді осы жаққа шығарды. Осы нейрохирургия бөлімі мені о дүниеден алып шықты деуге болады. Мың да бір рахмет айтам, бірінші Аллаға, екінші осы дәрігерлердің арқасы.

Алтай Құлтуманов, Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:  

 - Жыл өткен сайын біздің бөлімде инновациялық жаңа тәсілдер көбейіп келеді. Мұның бәрі мемлекеттің қамқорлығы арқасында жүзеге асып отыр. Миға алғаш рет жасалған операцияларымыз сәтті өтіп, науқастарымыз құлан таза айығуда. Болашақта да бұл бағытта тек алдыға қадам баса береміз.
 

   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар