Ұларбек Минатхан: Алға, Қанат!

/uploads/thumbnail/20170709130528654_small.jpg

Қазағың жүк артқасын нарға балап,

Өзіңе намысымыз алда аманат.

Көтерген ел беделін ер баһадүр, ‎

Өзіңдей болса екен бар домалақ. ‎

Артыңда тілеу тілеп алаш отыр, ‎

Арманыңды қуа бер алға қарап. ‎

Шомбал түс шойын білек ұл сыйлаған,

Туған елің сыйыңды Аллаға нақ.

Құрлықтарға көрсетің құдыретіңді, ‎

Байрағын ер халқыңның тауға қадап. ‎

Кішпейіл жарқылдаған жігіт едің, ‎

Сылаған алтай сынды талғар алап.

Мұқан бабаң сияқты атың қалсын, ‎

Әлемнің әр түкпірін әлде аралап.

Қанаттай тау мінезді қайсар ұлды, ‎

Беу жұртым сайысыңа сал бағалап. ‎

Дүниеге танылған азаматым,

Қайтейін сені босқа жарнамалап.

Алдағы жарысыңда алла жар боп, ‎

Самға қанат биікке талма қанат, ‎

Жалғанбаған арманды жалға Қанат,

Атойлап аман келсін алда Қанат. ‎

Саған сенім артамыз алға Қанат!

Алға Қанат... Алға Қанат... Алға Қанат!

Алтай, Көктоғай

19 қазан

Қатысты Мақалалар